Ресей экономикасындағы ахуал нашарлайтын болса, ол жанама түрде бізге де әсер етеді – Н.Назарбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей экономикасындағы ахуал нашарлайтын болса, ол жанама түрде бізге де әсер етеді – Н.Назарбаев

23.10.2014
Ресей экономикасындағы ахуал нашарлайтын болса, ол жанама түрде бізге де әсер етеді – Н.Назарбаев

Мемлекет басшысы бүгінде көптеген елдер әлемдік экономикадағы қиындықтарға байланысты үлкен сын-қатерлерге кезігіп отырғанына тоқталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

– Тұрақсыздықтың ушығуына Украинадағы ахуал мен Ресей және Еуропа елдері арасындағы өзара санкциялар да  ықпал етуде. Ресей – біздің стратегиялық серіктесіміз, тығыз байланыс орнатқан жақын көршіміз. Егер Ресей экономикасындағы ахуал нашарлайтын болса, ол жанама түрде бізге де әсер етеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті аталған үрдістердің алдын алу үшін қажетті мүмкіндіктің бәрі бар екенін және Үкімет тиісті жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

– Үкімет биылғы жылдың бюджетін қайта қарау жөнінде ұсыныс енгізді, өйткені мұнай мен металдың, сондай-ақ, Қазақстан экспортының өзге де өнімдеріне бағаның төмендеуі түсімдердің азаюына әкеледі. Бұл ретте барлық еңбекақылар, әлеуметтік төлемдер қазіргі деңгейінде қамтамасыз етілуі тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Хабарламаларға жазылу