Астана қуыршақ театры Түркияда өткен қуыршақ фестиваліне қатысып қайтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қуыршақ театры Түркияда өткен қуыршақ фестиваліне қатысып қайтты

22.10.2014
Астана қуыршақ театры Түркияда өткен қуыршақ фестиваліне қатысып қайтты

Астана қаласы әкімдігі қуыршақ театрының әртістері  Досымхан Бейсенбаев және Айжан Садықова «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Түркияның Стамбул қаласында өткен XVII халықаралық қуыршақ фестиваліне қатысып қайттық. Фестивальге 25 елдің театры қатысты. Онда қазылар алқасы деген жоқ. Тек әр театр халыққа, балаларға алып келген өнерін  ұсынады. Біз «Менің салған суретім» атты қойылымды алып бардық.  Классикалық музыка арқылы 45 минут бойы ешбір сөзсіз жүретін қойылым. Бұл – балет жанрында қойылған алғашқы қуыршақ спектаклі»,-дейді Досымхан Бейсенбаев.

Астана жұртшылығына ұсынып келе жатқан қойылымдары турасында театр актері Айжан Садықова былай дейді: «Біздің репертуарымыздағы ең үлкен қойылым бұл – «Атамекен» спектаклі. Бұл туынды Сәкен Жүнісовтің «Аманай мен Заманай» повесінің желісі бойынша қойылған».

«Репертуарымызда 10-нан астам қойылым бар. Олардың бүлдіршіндерге  қазақ тілін үйретуде, қазақы салт-дәстүрді дәріптеуде, балаларға жолда жүру ережелерін үйретуде септігі мол. Бастысы, әртіс қуыршақты тірілте білуі керек. Себебі, қазіргі техниканың дамыған заманында баланы таңғалдыру қиын»,-дейді театр әртістері.

Қуыршақтар қалай дайындалады? Оларды кім жасайды? Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу