22 қазан күні Алматыда «Корпоративтік саяхат АСТС – 2014» конференциясы өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Туризм басқармасы хабарлайды.
Онда туризм саласының жетекші мамандары туризм бизнесінің заманауи аспектілері турасында сөз қозғайды.
Шараға ірі компаниялардың жетекшілері, бизнес басқармалары мен ұйымдардың менеджерлері, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастықтардың өкілдері және туризм индустриясының сарапшылары қатысады.