Шетелдердегі киіз үй пішіндес үйлер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдердегі киіз үй пішіндес үйлер

21.10.2014
Шетелдердегі киіз үй пішіндес үйлер

«Ұранымыз – Алаш, керегеміз – ағаш, киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз», деп аталы сөз қалдырған бабаларымыздың негізгі тұрағы – киіз үй. Бүгінде ұлттық құндылығымызға көз тігіп, қызығушылық танытып отырғандар қаншама?

Мысалы, жапондар киіз үйдің ішінде өмір сүруде. Елдің сейсмикалық аймақтарында киіз үй пішіндес қалашықтар салынған. Бірақ, бұл ағаштан емес, арнайы пенопластан жасалған.

Тау бөктерінде, табиғат аясына, өзен жағасына шағын отбасыларға арналып салынған. Жылу температурасын бірқалыпты сақтап, тез жиналып, құралады.  Қатты желге төтеп берердей берік бұл үйлердің бағасы – 30 мың доллар.

Ал, АҚШ-тың «Сolorado Yort Company» компаниясы 30 жылдан астам уақыт бойы қала сыртына арнайы киіз үйлер соғумен айналысады. Компания қожайындары ашқан киіз үй пішіндес дәмханалары мен қонақүйлеріне жергілікті қазақтар жиі барады.

Киіз үй туралы қызықты толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу