Бүгін «Менің Елім – Мәңгілік Ел: Каспийден Алтайға дейін» этнографиялық автоэкспедициясының мүшелері Павлодарға келді. Жастарға қызмет көрсету орталығында қонақтарды облыс әкімінің орынбасары Арын Өрсариев қарсы алып, ізгі тілегін білдірді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Біздің аймақ - экспедиция Ақтаудан кейін ат басын бұрған сегізінші өңір. Бұдан кейінгі бағыт – Семей қаласы. «Нұр Отан» аймақтық филиалы төрағасының орынбасары Илья Теренченко, Павлодар облыстық ҚХА жанындағы жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің төрайымы Элина Паули экпедиция мүшелеріне сәттілік тіледі.
Делегация құрамында экспедиция жетекшісі Евгениий Рыбалко және этнографтар, фотографтар, туристерден құралған 20 адам бар.