2015 жылы Астана-Париж бағытында тұрақты рейс ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2015 жылы Астана-Париж бағытында тұрақты рейс ашылады

20.10.2014
2015 жылы Астана-Париж бағытында тұрақты рейс ашылады

Қазақстан және Франция авиациялық билігі 2015 жылы Астана-Париж маршруты бойынша рейс ашуға мүмкіндік беретін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 «Қазақстандық авиакомпаниялар бұл маршрут бойынша келесі жылдың наурыз айында рейс ашуды жоспарлап отыр», - деді Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаев.

Тағайындалған тасымалдаушыларға Астана-Париж маршруты бойынша жиілігі аптасына 3 рет рейстер орындау құқығы берілген.

 

Хабарламаларға жазылу