Қазғарышта апаттар кезінде жедел шақыру жүйесі құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазғарышта апаттар кезінде жедел шақыру жүйесі құрылды

20.10.2014
Қазғарышта апаттар кезінде жедел шақыру жүйесі құрылды

Ө.М.Сұлтанғазин атындағы Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығында апаттар кезінде жедел шақыру және  әрекет ету жүйесінің жұмыстары орындалды, деп хабарлайды, strategy2050.kz.

«Борттық терминалдар жүйесі апат жағдайында диспетчерлік орталыққа автокөліктің және апат болған жердің координаттары бойынша деректерді автоматты түрде айтуға, диспетчерлік пунктпен жедел дауыс байланысын орнатуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, тиісті құтқару қызметінің жедел түрде әрекет етуіне жәрдемдеседі», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта техникалық құжаттамалар және АЖШАЖ терминалының борттық жүйесінің 10 тәжірибелік үлгісі  әзірленген.

Хабарламаларға жазылу