«Әлем Барысына» Мали елінен палуан келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әлем Барысына» Мали елінен палуан келеді

19.10.2014
«Әлем Барысына» Мали елінен палуан келеді

25 қазанда Павлодар қаласында қазақ күресінен өтетін «Әлем Барысы» халықаралық жарысына Африка құрлығынан үш палуан келеді.

Камерун және Кот-иДивуар палуандары туралы бұған дейін мәлімет берген едік. Үшіншісі – Мали елінің намысын қорғайтын дзюдошы Гоуссо Сидибе. Бүгінде Малидің ауыр салмақтағы ең үздік палуандарының бірі саналады.

Туаған жылы – 1981 ж.

Бойы – 185 см.

Салмағы – 100 келіден жоғары.

Жетістіктері:

– 2011 жылы Мозамбикте өткен Африка ойындарында дзюдодан күміс жүлдегер атанған;

– 2013 жылы самбодан Мароккода өткен Африка чемпионатының іріктеу сындарында нәтижелі өнер көрсеткен.

Хабарламаларға жазылу