Елордада «Мәңгілік елдің Алтын адамы» атты қойылым сахналанады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Мәңгілік елдің Алтын адамы» атты қойылым сахналанады

17.10.2014
Елордада «Мәңгілік елдің Алтын адамы» атты қойылым сахналанады

Ертең Астанада сағат 18.00-де «Конгресс-Холл» сарайында Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының ұжымы «Мәңгілік елдің Алтын адамы» атты қойылымды елорда тұрғындарына ұсынады.

Бұл шара Батыс Қазақстан облысының Астанадағы күндері аясында өтеді.

Шығарманың авторы - белгілі ақын, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Иран-Ғайып (Иранбек Оразбаев).

Туындының қоюшы режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Мұрат Ахманов.

Басты рөлдерде Бақытжан Өтеғалиев, Хорлан Шамелова, Нұрлыгүл Жұбатова ойнайды.

Драмалық шығармаға елдің бірлігі мен ынтымағы, халықтың арман-тілегі арқау болған.

Хабарламаларға жазылу