Ақтөбе спорт нысандарының санын арттырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе спорт нысандарының санын арттырмақ

16.10.2014
Ақтөбе спорт нысандарының санын арттырмақ

Бүгінде Ақтөбе спорт алаңдары санынан республикада 5-ші орында. Бірінші орында – Қарағанды. Осындай спорт алаңдарының бірі жақында Ақтөбедегі №8 мектептің жанына салынды. Жоба құны – 7,7 миллион теңге. Жазда бұл жерде футбол ойнауға, ал, қыста  мұз айдын жасауға болады. Өңірде жыл соңына дейін мұндай алаңдардың саны 67-ге жетпек.

«Жергілікті жердің спорт нысандарының көлемі – 28 пайызды құрайды. Егер 2005 жылы шағын футболға 10 команда өтініш берсе, биыл бұл көрсеткіш 102 командаға жетті»,-дейді спорт бөлімінің жетекшісі Ескендірбек Маханов.

«Біз енді жасанды жабыны бар стадиондардың құрылысын қолға алмақпыз. 500-600 орынға арналған нысандардың құны – 60-70 миллион теңге болмақ. Алдағы жылдары облыста 20-30 стадион салмақ ойымыз бар. Бұл спортпен айналысатын адамдардың санын арттырады», -дейді облыс басшысы Архимед Мұхамбетов.

Хабарламаларға жазылу