Ташкентте 16-18 қазан аралығында дзюдодан өтетін Гран-приге қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды.
Өзбекстан астанасындағы спорттық бәсекеде 60 келіге дейінгі салмақта Гумар мен Гусман Қырғызбаевтар татамиге шығады. Ал 73 келі салмақта Нұрлан Оразалин, 81 келіге дейін - Бекжан Әбдіуәлиев, Эльдар Зәріпқанов. 90 келіге дейін - Айбол Айтбек, 100 келіге дейін Талғат Амренов белдеседі.
Әйелдер арасында 48 келіге дейін салмақ санатында бірінші орын үшін Айгүл Байкүлеева бақ сынайды. 52 келіге дейін - Жібек Құрмашева, Олеся Кутценко, 57 келіге дейін Анна Казюлина және Севара Нишанбаева күреседі. 63 келіге дейін салмақ санатында кілемге шығатын Зәмзәгүл Файзолланова, 70 келіде Динара Құдарова, 78 келіде Альбина Амангелдиева мен Зарина Раифова, сондай-ақ, 78 келіден жоғары салмақта Зарина Әбдірасыловалар жеңісті қолдан бермейтіндігі анық.
Еске сала кетсек, алғашқы Гран-при 2013 жылғы қазанда өтті. Ол кезде 20 елден астам елдің спортшылары бақ сынасты. Биылғы жылы өтінімдер саны екі есеге артты, өйткені биылғы бәсеке - олимпиадалық біліктіліктің бөлігі.