«Әлем Барысына» мұхит асып, сонау Латын Америкасынан да палуандар келмек. Соның бірі уругвайлық – Хуан-Пабло Мело Бортоли. Мело Бортоли өте әмбебап палуан. Самбо, еркін күрес, джиу-джитсу, грек-рим күресінен хабары әрі жүлделері де бар. Бүгінде Латын Америкасындағы ең үздік палуандардың бірі осы – Мело Бортоли.
Туған жыл – 1979 ж.
Жасы – 35.
Бойы – 190 см.
Салмағы – 100 келіден жоғары.
Жетістіктері:
2006, 2007 жылдары джиу-джитсудан Жапонияда өткен халықаралық жарыстың күміс жүлдегері;
2006, 2007 жылдары самбодан Парагвайда өткен жарыстың жеңімпазы;
2008–2012 жылдар аралығында әскери самбодан Аргентина чемпионы;
2011, 2013 жылдары Аргенитанада өткен самбодан және еркін күрестен өткен жарыстың күміс жүлдегері;
2013-2014 жылы грек-рим күресінен екі дүркін Уругвай чемпионы және екі жыл қатарынан Уругвайдың ең үздік палуаны атанған.