Еуро-2016. Бүгін Қазақстан мен Чехия футболшылары ойнайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуро-2016. Бүгін Қазақстан мен Чехия футболшылары ойнайды

13.10.2014
Еуро-2016. Бүгін Қазақстан мен Чехия футболшылары ойнайды

2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу ойындары аясында Қазақстан Ұлттық құрамасы Астанада Чехия футболшыларын қабылдайды.

Бұл кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы дүйсенбі күні Астана уақыты бойынша сағат 21:40-да тікелей эфирде көрсетеді.
Қазақстан құрамасы:

Қақпашылар: Владимир Логиновский («Астана»), Александр Мокин («Шахтер»), Стас Покатилов («Шахтер»), Андрей Сидельников («Ақтөбе»).

Қорғаушылар: Ренат Абдулин («Атырау»), Илья Воротников («Тараз»), Марк Гурман («Кайрат»), Александр Киров («Шахтер»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Дмитрий Мирошниченко («Ақтөбе»), Гафур Сүйімбаев («Ордабасы»),
Дмитрий Шомко («Астана»), Константин Энгель («Ингольштадт», Германия).

Жартылай қорғаушылар: Анатолий Богданов («Тобыл»), Аслан Дарабаев («Қайрат»), Георгий Жуков («Астана»), Бауыржан Исламхан («Қайрат»), Андрей Карпович («Атырау»), Ұлан Қонысбаев («Шахтер»), Валерий Коробкин («Ақтөбе»), Евгений Коструб («Атырау»), Станислав Лунин («Қайрат»), Азат Нұрғалиев («Ордабасы»), Асхат Тағыберген («Ақтөбе»).

Шабуылшылар: Тоқтар Жаңғылышбай («Шахтер»), Таңат Нөсербаев («Астана»), Сергей Хижниченко («Корона», Польша).

Резерв: Абзал Бейсебеков («Астана»), Ермек Қуантаев («Қайрат»), Андрей Финонченко («Шахтер»).

Чехия құрамасы:

Қақпашылар: Петр Чех («Челси», Англия), Томаш Вацлик («Базель», Швейцария), Давид Бичик («Спарта»);

Қорғаушылар: Павел Кадержабек («Спарта»), Радим Ржезник («Виктория»), Михал Кадлец («Фенербахче», Түркия), Марек Сухи («Базель», Швейцария), Давид Лимберски («Виктория»), Вацлав Прохазка («Виктория»), Даниэл Пудил
(«Уотфорд», Англия), Томаш Сивок («Бешикташ», Түркия);

Жартылай қорғаушылар: Владимир Дарида («Фрайбург», Германия), Боржек Дочкал («Спарта»), Даниэл Коларж («Виктория»), Ладислав Крейчи («Спарта»), Вацлав Пиларж («Виктория»), Ярослав Плашил («Бордо», Франция), Томаш Росицки («Арсенал», Англия), Йозеф Шурал («Слован»), Лукаш Ваха («Спарта»);

Шабуылшылар: Давид Лафата («Спарта»), Томаш Нецид («Зволле», Нидерланд), Матей Выдра («Уотфорд», Англия).

Хабарламаларға жазылу