Астанада «Сөйле, сурет!» атты көрме өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Сөйле, сурет!» атты көрме өтеді

13.10.2014
Астанада «Сөйле, сурет!» атты көрме өтеді

14 қазан күні Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде суретші,  «Ақ босаға» газетінің иллюстраторы Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, сурет!» атты алғашқы көрмесі өтеді. Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары әлеуметтік тақырыптағы көрмені 14-25 қазан аралығында тамашалай алады. Осыған орай суретші бүгін «Таңшолпанда» қонақта болып, сұхбат берді.

«Алғашқы көрмем болғандықтан, қобалжу бар. Көрмеге ақ-қара бояумен салынған 50 туынды қойылады. Шараға достарым, әріптестерім, журналистер шақырылған. Көрмені ұлттық нақышта өткізгіміз келді, сол себепті келушілерге бауырсақ, қымыз ұсынылады. Кірген бетте квартет домбыра  тартып отыратын болады. Суреттерімде де қазақы элементтер көп.  Барынша қазақыландыруға тырыстық»,-дейді суретші.

«Менің суреттерімді ғаламтордан тауып алып, Жапониядан, Бразилиядан хабарласқандар бар. Газетке жариялауға рұқсат сұрады. Мен әрине, қуана келістім», дейді суретші.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу