Жексенбі күні Қазақстанның батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде жылы ауа райы сақталып, жауын-шашын түспейді. Еліміздің басқа өңірлерінде бұл күні жауын жауып, жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола, Павлодар, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-22 м/с-ға жетеді.
Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, кей жерде жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел тұрады.
СҚО-да да тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал. Сондай-ақ, Жамбыл және Атырау облыстарының кей өңірінде тұман түсуі мүмкін.