Екпе жасау тұмаудан қорғайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екпе жасау тұмаудан қорғайды

10.10.2014
Екпе жасау тұмаудан қорғайды

Жыл сайын күз-қыс маусымында тыныс алу жолдарының вирустық инфекцияларымен ауырғандар саны көбейеді. Тұмауға қарсы ең маңызды қорғаныс - екпе жасату. Бұл үшін қыркүйек-қараша айлары қолайлы уақыт болып саналады. Бұл туралы Астана қаласының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінен хабарлады.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Сархат Бейсенованың айтуынша, қазіргі заманауи вакциналардың әсері жоғары, әрі қауіпсіз. Олар 6 айлық балалар мен ересектерде тұмаудың алдын алуға арналған. Вакцинаны алуға иммунитеттің қалыптасуына 2-7 күн қажет және 6 айдан 12 айға дейін сақталады.

Хабарламаларға жазылу