Әнші Асхат Тарғыновтың орындауындағы «Мария» әні бүгінде жиын-тойлардан қалмай жүрген хит әндердің бірі. Интернеттен «Мария Магдалена» деген атаумен табуға болатын әннің тарихы ертеден басталатынын екінің бірі біле бермейді.
Ақтөбенің Шалқар ауданы, Есет батыр ауылының тумасы Асхат Тарғынов: «Біз бұл әнді көшеде гитарамен Италия тілінде айтатынбыз. Музкалық композиция «Мария Магдалена» деп аталатын. Бірақ, біз оны өзімізше өңдеп алатынбыз»,-дейді.
Бүгін 23.30-да «Түнгі студияда» - әнші Асхат Тарғынов.