Қазақ тілінде бекітілген терминдер саны 6352-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ тілінде бекітілген терминдер саны 6352-ге жетті

09.10.2014
Қазақ тілінде бекітілген терминдер саны 6352-ге жетті

Қазақ тілінде бекітілген терминдер саны 6352-ге жетті. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасының «Халық бірлігі» бағыты бойынша сараптама тобының кезекті отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Серік Сәлемов айтты.

Оның айтуынша, «қолданыстағы реттелген термин қор бүгінгі таңда 10 мыңға жуық терминді құраса, соның ішінде, 1998 жылдан бері бекітілген терминдер саны 6352-ні құрайды».

Сондай-ақ,ол: «Жүйелі түрде өткізілетін Комиссияның отырыстарында терминдер бекітіліп қана қоймай, сөздіктер де мақұлданады. Мысалы, өткен жылы Заң шығару, халықаралық қатынастар, статистика салаларының 342 термині бекітіліп, 100 мыңнан астам терминнен тұратын 10 томдық қазақша-орысша салалық терминологиялық сөздік мақұлданды»,-деді.

Айта кетейік, отырыс барысында қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорын құру мәселесі талқыланды.

ҚазАқпарат 

Хабарламаларға жазылу