Бүгін Бакуде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары «ЕХРО-2017» комиссары Рапиль Жошыбаев Әзірбайжан Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Н.Мамедовке Президент Н.Назарбаевтың атынан Әзірбайжан Президенті И.Алиевке «ЕХРО-2017» көрмесіне шақыртуды тапсырды.
Сапар аясында Рапиль Жошыбаев пен Әзірбайжан Республикасындағы ҚР Төтенше және өкілетті Елшісі Амангелді Жұмабаев Энергетика министрімен, қазақстандық-әзірбайжандық парламентаралық комиссия төрағаларының бірі Н.Алиевпен және Мәдениет және туризм министрі А.Караевпен кездесті.
Кездесуде екіжақты серіктестік пен Қазақстан мен Әзірбайжанның экономикалық ынтымақтастығының даму перспективаларын талқылады.