Қазақстан сан-маринолық компанияларды ЕХРО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан сан-маринолық компанияларды ЕХРО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды

08.10.2014
Қазақстан сан-маринолық компанияларды ЕХРО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды

ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Сан-Марино Республикасының Сыртқы істер және саясат Мемлекеттік хатшысы (Министрі) Паскаль Валентинимен кездесу өткізді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірталай мәселені талқылады. Туризм саласындағы бірлескен жобаларды дамыту белгіленді, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі.

Оның ішінде, Әсет Исекешев Сан-Мариноның туристік саланы ұйымдастырудағы табысты тәжірибесіне Қазақстанның мүдделі екенін атап өтті.

Бұл бағыттағы ынтымақтастыққа Алматы қаласындағы тау шаңғысы курортының салынуы және Қазақстанның 2022 жылғы Қысқы Олимпиадалық ойындарды өткізуге өтінім жасағаны оның өзектілігін танытып отыр.

Сонымен қатар, Қазақстан сан-маринолық компанияларды ЕХРО-2017 көрмесінің инфрақұрылымдық жобаларына қатысуға шақырды.

Кеңес қорытындысы бойынша тараптар бұдан былайғы ынтымақтастықтың Жол картасын әзірлуге келісті. Ол карта екі елдің арасындағы серіктестіктің перспективалық бағыттарын белгілейтін болады. 

Биыл Қазақстан мен Сан-Марино арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 10 жыл толып отыр.

ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің деректеріне қарағанда Қазақстан мен Сан-Марино арасындағы тауар айналымы 1732,3 АҚШ долларын құраған.

Хабарламаларға жазылу