Астанада жаңа виза орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жаңа виза орталығы ашылды

09.10.2014
Астанада жаңа виза орталығы ашылды

Астанада Ұлыбритания және Швейцария елшіліктерінің біріккен виза орталығының ресми ашылу салтанаты өтті.

Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі Кэролин Браунның айтуынша, Астанадағы жаңа виза орталығы Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның өткен жылы Қазақстанға жасаған сапарының нәтижесінде ашылды. Сапар барысында премьер-министр кейбір қазақстандық компания үшін визалық процедураларды ықшамдау жөніндегі жоспарларын айтқан болатын.

Виза орталығы «Мәскеу» бизнес орталығында орналасқан. Қазақстан азаматтары виза алуға онлайн өтініш беріп, биометрикалық көрсеткіштерді тексеру және қажетті құжаттарды тапсыру үшін лайықты орталықты таңдайды.

Визалық өтінішті қарау мерзімі азаматтың өзі таңдаған мемлекетте болу уақытына байланысты. Ұлыбританияның визалар және иммиграция агенттігі мемлекетте қысқа мерзім болу бойынша өтінішті 15 жұмыс күні ішінде, ал ұзақ мерзім болуға берілген өтінішті орта есеппен 12 апта бойы қарайды.

astana.gov.kz

Хабарламаларға жазылу