«Эбола» дерті 3 мыңнан астам африкалықтардың өмірін қиды. Вирус, тіпті, Испанияда да тіркелді.
Әйгілі рэпер, RnB және хип-хоп жұлдызы Эйкон (Akon) Конгода концерт берді. Ол «Эбола» вирусын жұқтырып алмау үшін, сахнаға шармен шықты. Daily Mail басылымының айтуынша, пластикалық шар оны дерттен қорғау үшін арнайы жасалған.
Айта кетейік, концертке вирустың таралуына қарамастан 60 мың тұрғын жиналды.