Кедендік бекетте арнайы жаттығу өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кедендік бекетте арнайы жаттығу өтті

23.08.2014
Кедендік бекетте арнайы жаттығу  өтті

«Эбола» індетінің алдын-алу мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысында оқу-жаттығу өтті. «Қапланбек» шекара бекетінде ұйымдастырылған арнайы шара кезінде жолаушыдан арнайы сынамалар алынып, жұқпалы ауру белгісі бекеттегі  тепловизордың көмегімен анықталды.

Қазір еліміздегі халықаралық әуежайлар мен шекаралық бақылау бекеттерінде «эбола» індетіне қарсы сақтық шаралары үшейтілген. Мұндағы барлық жолаушылар жанаспа тепловизоры арқылы тексеруден өтуде. Сала мамандарының айтуынша, күні бүгінге дейін Оңтүстік Қазақстан облысында 43 мыңдай адам тексеруден өткен.   

Айнұр  АҚБАЕВА 

Хабарламаларға жазылу