Бизнесті дамыту мақсатында салықтық амнистия жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бизнесті дамыту мақсатында салықтық амнистия жүргізіледі

08.10.2014
Бизнесті дамыту мақсатында салықтық амнистия жүргізіледі

Бизнесті дамыту мақсатында 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша салық төлеушілердің жеке шоттарында есепте тұрған және  2014 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдардың сомаларын есептен шығару, өсімпұл мен айыппұлдардан босату арқылы салықтық амнистия жүргізу ұсынылады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Ұсынылған салықтық амнистияны жүргізу салық төлеушілерге босатылған қаражатты бизнесті дамытуға жұмсауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шара ішкі инвестициялардың әлеуетін күшейтеді», - деді министр Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, заң жобасының мақсаты - жағымды кәсіпкерлік ортаны және елдің одан әрі тұрақты әлеуметтік экономикалық дамуы үшін жағдай жасау.

 

Сурет: voxpopuli.kz

Хабарламаларға жазылу