Елорданың үздік кәсіпкерлері анықталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорданың үздік кәсіпкерлері анықталады

07.10.2014
Елорданың үздік кәсіпкерлері анықталады

Астанада дәстүрлі «Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы жетістігі үшін» байқауында елордалық іскерлер қауымының үздіктері анықталады.

Елордада шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін кәсіпкерлерге әр түрлі жеңілдік жасалып, жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Осы мақсатта Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы 2006 жылдан бастап дәстүрлі «Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы жетістігі үшін» байқауын да өткізіп келеді.

Байқау келесі номинациялар бойынша өтеді:

1.  Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпкер;

2.  Өндіріс саласындағы үздік кәсіпкер;

3.  Жылдың үздік кәсіпкері.

Әр номинацияда І, ІІ, ІІІ орындар қарастырылған. Байқауға қатысу үшін 2014 жылғы 20 қазанға дейін өтініш тапсыру қажет.

Шара елорданың шағын бизнесіндегі жетістіктерді паш ететін негізгі алаң ретінде жылдан жылға маңызы артып, қатысушыларының саны көбейе түсіру. Бұл байқау шағын бизнес жетістіктерін ортаға салатын, жаңа серіктестер тауып, маңызды келісімшарттарға қол қоятын шараға айналған.

2014 жылғы 24 қазанда Ұлттық картина галереясында өтетін байқаудың салтанатты марапаттау рәсімі аясында көрме ұйымдастырылып, онда қатысушылар өз жетістіктерін көрсете алады. Байқау жүлдегерлері өз аудиториясын кеңейтуге, сарапшылар кеңестерін алуға, инвестиция тартуға мүмкіндік алады.

Хабарламаларға жазылу