Қазақстанда Қарулы Күштердің үздік сержанты анықталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда Қарулы Күштердің үздік сержанты анықталады

29.09.2014
Қазақстанда Қарулы Күштердің үздік сержанты анықталады

«Отар» 40-шы әскери базасында «ҚР Қарулы Күштерінің Үздік сержанты» атағына кезекті VI Бүкілармиялық байқауы басталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Әскери қызметшілер өңірлік қолбасшылық, бригада, батальон, рота, взвод және бөлімше үздік сержанты атағы үшін сайысатын болады. Аталым бойынша үздік механик-жүргізуші, атқыш, көздеуші-радиотелеграфист, сапер, дәрігер анықталмақ.   

Сержанттар әскери-спорттық жарыстан, жекпе-жек ұрыстан, жауынгерлік машиналарды жүргізуден, атыс даярлығынан, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғанудан әскери топографиядан білімдерін, шеберліктерін көрсететін болады. Маңызды сайыстың қатарында – әдеби-көркем байқау да бар. 

Аталмыш байқау әскери қызметтің беделін арттыруға, әскери бөлімдер мен Қазақстан армиясының құрамаларындағы озық тәжірибені таратуға бағытталған.

Төрелік етуші комиссияға ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор М.Алтынбаев жетекшілік етеді.

«ҚР Қарулы Күштерінің Үздік сержанты» атағына арналған байқау  биылғы жылғы 4 қазан күні аяқталады.

Хабарламаларға жазылу