Сүйікті кейіпкеріңіз кім? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сүйікті кейіпкеріңіз кім?

06.10.2014
Сүйікті кейіпкеріңіз кім?

«Әдебиет – адам жанының айнасы. Оның жүрегі – көркем бейне. Көркем бейне – сүйікті кейіпкер».

Әр дүйсенбі сайын Қазақ радиосының әуе толқынында сағат 22:00-де «Сүйікті кейіпкерім» хабары эфирге шығады. Хабардың бүгінгі шығарылымында Әкім Таразидің «Қорқау жұлдыз» романы талқыланбақ.

Мақсат - шығарманың қызықты тұстарынан тыңдарманға сұрақтар қойып, жастарға, үлгі боларлық махаббат, сыйластық, қимастық, сағыныш сияқты ізгі сезімдерге қатысты оқиғаларынан пікір туғызу.

Хабарды Әсел Ергешқызы және Ғалия Өзбекбайқызы жүргізеді. Қапы қалмаңыздар!

Хабарламаларға жазылу