10 мың жолдан астам өлең-жыр жазған ақын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

10 мың жолдан астам өлең-жыр жазған ақын

04.10.2014
10 мың жолдан астам өлең-жыр жазған ақын

Қазақстанның Халық ақыны Манап Көкенов Сыр өңірінің ақын-жыраулары - Құлан, Нартай Бекежанов, Балқы Базар, Тұрмағамбет, Қ.Төлеуов шығармаларымен жасынан таныс болған. Манап Көкенов көпшілікке айтыскер ақын ретінде танылды.

Ол 1964 жылы Шымкентте өткен айтыста Ө.Қалдыбаевты, 1970 жылы Қ.Төлеуовті, Ж.Жабаевтың 125 жылдық тойында Ә.Қосбасаровты (1972), К.Әзірбаевтің 90 жылдығында А.Бұрбаевты жеңіп, жүлдегер атанған. 1980 жылы өткен республикалық айтыстың бас жүлдегері болды.

Көкеновтің орындауымен «Күріш алабына», «Еңбек ордендері», «Көктау шахтерлеріне», «Ақындарға» деген өз шығармалары, сондай-ақ, Балқы Базар, Құлан ақындардың термелері күйтабаққа жазылған. Көкенов туралы «Манап аға» атты деректі фильм де түсірілген.

Ол сонымен қатар, 10 мың жолдан астам өлең-жыр жазған ақын. Ел арасына кең таралған толғау, терме, арнау, мысал, шымшымаларымен бүгін 16.25-те «Жарқын бейне» хабарынан таныса аласыздар.

Хабарламаларға жазылу