Психикалық аурудың себебі неде? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Психикалық аурудың себебі неде?

04.10.2014
Психикалық аурудың себебі неде?

Психикалық аурулардың шығу себептері әртүрлі. Медициналық және психикалық ғылыми зерттеулердің қорытындысы бойынша, стресс адамның психикасына әртүрлі әсер етіп, әртүрлі психикалық өзгерістерге әкеледі.

Психикалық аурулар тұқымқуалайтын және жүре пайда болатын екі топқа бөлінеді. Тұқым қуалайтын ауруларға: олигофрения, шизофрения, эпилепсия, маникальды-депрессивті психоз және т.б.

Жүре пайда болатын психикалық аурулар көптеген себепке байланысты: дұрыс тамақтанбау, интоксикациялық жағдайлардың ықпалы, зат алмасу процестерінің бұзылуы, экологиялық жағымсыз жағдайлар, қанның резус факторы және т.б.

Дүниежүзілік статистика бойынша дүниеге келіп жатқан сәбилердің шамамен 7-8 пайызы түрлі тұқым қуалайтын аурулармен ауырады.

Бұл аурудың біздің еліміздегі көрінісі қандай? Бүгін 10.05-те «Дауа» бағдарламасынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу