Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан мини-футболдан Әлем кубогының финалында Қазақстанның «Қайраты» және Ресейдің «Динамосы» кездесетін болды.
Бірінші ойын күні Тайландтың «Чонбури» командасымен кездескен «Қайрат» қарсыластарын 6:2 есебімен ұтты. Ал, екінші матчта Бразилияның «Интелли» командасымен кездескен Ресейдің «Динамосы» 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Бүгін, яғни 3 қазанда сағат 20:30-да «Динамо» мен «Қайрат» Әлем суперкубогына таласады.
Мини-футболдан Әлем суперкубогы. Алматы.
«Интелли» (Бразилия) — «Динамо» (Мәскеу обл., Ресей) - 2:4 (1:2)
Голдар: Гадея 13, Винисиус 31 - Ромуло 8, Нандо 18, 40, Фернандао 40
«Динамо»: Густаво, Ромуло, Рахимов, Кобзарь, Фернандао, Нандо, Сергеев, Пула, Сучилин
«Интелли»: Гуитта, Сичо, Мариньо, Гадея, Лукайан, Винисиус, Ренан, Дьесе, Кайо
«Чонбури» (Тайланд) — «Қайрат» (Қазақстан) - 2:6 (1:2)
Голдар: Туэнкланг 10, Чаэмчерон 36 — Игор 5, Жоан 11, Кайо 21, Лео 36, Сүлейменов 40, Алешандре 40
«Чонбури»: Ханкампа, Лертчай,Санаторн, Критсада, Жирават, Супхавут, Джайпех, Венансио, Туэнкланг
«Қайрат»: Игита, Жоан, Дуглас, Алешандре, Же, Сүлейменов, Лео, Игор, Кайо, Диваней, Смақов, Жаманқұлов, Маркао, Першин