«Ұстазым, менің ұстазым...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұстазым, менің ұстазым...»

03.10.2014
«Ұстазым, менің ұстазым...»

Ұстаз – қай заманда да ең ұлы құрмет иесі болып саналады. Шығыс даналығында «Ұстаз диқан сияқты. Әр адамның жанына білім дәнін себеді», -деген сөз  бар. Бұл мәңгілік ұлағаттың, сарқылмас руханияттың дәні.

Шәкірттерінің бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда ұстаз еңбегі зор. Сондықтан, білім көшін бастап келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет күннен күнге арта бермек.

Бүгінде 30-40 жыл ұстаздық еткен адамдардың еңбегі ақталып жатыр ма? Мұғалімдердің жалақысы көңілден шыға ма?

Бүгін 21.05-те «Айтуға оңай...» хабарын көріңіз. Хабарда Елбасының ұстазы мен Ыбырай Алтынсариннің жиен шөбересі  қонақта болмақ.

Хабарламаларға жазылу