Бағдат Сәмединова: Дәстүрлі ән эстрадаға қарағанда анағұрлым қасиетті, қадірлі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бағдат Сәмединова: Дәстүрлі ән эстрадаға қарағанда анағұрлым қасиетті, қадірлі

03.10.2014
Бағдат Сәмединова: Дәстүрлі ән эстрадаға қарағанда анағұрлым қасиетті, қадірлі

ҚР Еңбек сіңірген әртісі, әнші Бағдат Сәмединова «Таңшолпанда» қонақта болып, сұхбат берді.

Алда Ұстаздар күні келе жатыр. Әнші де өзінің алғашқы ұстаздарын еске алды: «Бірінші сыныпта менің алғашқы ұстазым Марат апай болды. Апайымның тегі есімде жоқ, бірақ келбеті көз алдымда. Ол кісінің өте салмақты, балаға керемет мейіріммен қарайтын көзқарасы есімде.

Одан кейін Шырынбала деген ұстазым болды. Ол қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін. Бұл ұстаздың балалармен амандасқанының өзі ерекше. Әрқайсымызға ерекше қарайтын еді.  Ол кісінің бір өзі – бір әлем. Балаға ата-анадан бұрын, мұғалімнің берері көп»,-дейді.

«Менің де жеке концертпен елді аралап жүрген кезде жаныма ілестіріп жүретін балаларым бар. Маған көбіне қыз балалар ілеседі.  Олардың қатарында Сұлужан Әбенова, Бибігүл Қилымқан, Марал Мұхамедқалиева сынды шәкірттерім бар», -дейді әнші.

Әнші дәстүрлі әнге қатысты да ойын білдірді. «Дәстүрлі ән – қазақтың болмысы, бары. Оны қадірлеу керек, оның қасиетін түсіну керек.  Бұл – ата-бабамыздан қалған аманат. Дәстүрлі әнді ешнәрсемен теңдестіре алмаймын. Дәстүрлі ән эстрадаға қарағанда анағұрлым қасиетті, қадірлі. Себебі, ол – аманат»,-дейді ол.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.  

Хабарламаларға жазылу