Екібастұз тұрғыны үш күнде құмар ойындарға 800 мың теңгеге жуық қаражат жұмсаған

02.10.2014
Екібастұз тұрғыны үш күнде құмар ойындарға 800 мың теңгеге жуық қаражат жұмсаған

Екібастұз қаласының тұрғыны құмар ойындарына әуестеніп, үш күннің ішінде 792 781 мың теңгеге ұтылған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

34 жасар азамат құмар ойынға бой ұрғаны соншалық, өз ақшасын емес, жұмыс берушісінің қаражатын салып жіберген. Нәтижесінде аталмыш факті негізінде қылмыстық іс қозғалды. Ол бір күн ішінде 500 мың теңгеге жуық қаражатты ойын автоматтарына салса, үш күнгі «шығыны» 800 мың теңгеге жуық қаржыны құраған.

Екібастұздық фирмаға келтірген қаржылық шығынды өтеуге уәде берсе де, өзгенің мүлкін рұқсатсыз пайдаланғаны үшін заң алдында жауап береді.

Хабарламаларға жазылу