Алматыда тек рұқсат етілген мешіттерде ғана құрбандық шалынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда тек рұқсат етілген мешіттерде ғана құрбандық шалынады

02.10.2014
Алматыда тек рұқсат етілген мешіттерде ғана құрбандық шалынады

Алматыда Құрбан айт күні тек рұқсат етілген мешіттерде құрбандық шалынады. Қала бойынша 40 мешіт болғанымен, оның тек 13 мешітіне ғана рұқсат етілген.

Сонымен қатар, Таусамалы базарына құрбандық шалуға арнайы жағдайлар жасалып, барлық қажеттіліктермен жабдықталған. Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының ресми сайты хабарлады.

Сондай-ақ, Әуезов, Наурызбай аудандарының әкімшілігі қала сыртынан арнайы құрбан шалатын орын дайындап берді.

Құрбан шалынатын орындардың мекенжайлары:

1. «Алматы қалалық мешіті»: Пушкин к-сі, 16, тел. 3976326
2. Алмалы аудандық «Төле би» мешіті: Төле би к-сі, 233 тел. 255 96 09
3. Алатау ауданы «Бекет-ата» мешіті: «Шаңырақ – 1» ы/ауданы Өтеміс ұлы, 109 тел. 263-77-22
4. Алатау ауданы «Мырзахмет мешіті»: Қарасу ы/ауданы Төле би 9, тел. 294-89-30            
5. Бостандық аудандық «Орбита-3» мешіті:  Орбита 3 ы/ауданы Мустафин, 5 Е 270-54-28 Факс 2550080   
6. Жетісу аудандық «әл- Мадина» мешіті: Рабочий поселок Гончаров көшесі, (бұрынғы Бәженов) Федоров көшесінің қиылысы  
7. Жетісу ауданы    «Али Мұхаммед» мешіті: Омарова,13 б                  
8. Жетісу ауданы «Вайнах» мешіті Айтиева,5   
9. Медеу ауданы «Аманкұл ата» мешіті: Азербаева,1 261-34-98
10. Медеу ауданы «Райымбек батыр» мешіті: Думан-1 ы/ауданы, Хан-Тәңірі көш. №1 278-19-28
11. Медеу ауданы «Мекке мешіті»: Таулы қырат Жаркент к-сі 264-40-32
12. Медеу ауданы «Фатима» мешіті: Малая көшесі, 14
13. Түрксіб аудандық «Фирали Ферғанұлы» мешіті: Жарылғасов,79
14. Таусамал базары: Қонаев (Каменка) к-сі, 35в/2,  Алматы қ.

Фото: kk.wikipedia.org

Хабарламаларға жазылу