Құрбан айт намазы Астана қаласында таңғы сағат 8.00-де басталады. Ал, Алматы қаласында қазанның 4 күні таңғы сағат 7:30-да оқылады.
Құрбан айт мерекесімен құттықтау
Құрбан Айт мерекесімен құттықтаған абзал. Мұсылмандарды құттықтаған кезде мына сөздер айтылады: «Алла Тағала бізден де, сізден де қабыл алсын».
Жәбир бин Нафирден жеткен хадисте былай делінеді: «Алла Елшісінің сахабалары Ораза Айтта кездескен кезде бір-біріне: «Алла сізден де, бізден де қабыл алсын»,- деп айтқан».
Айт намазынан үйге қайту әдебі
Жәбир былай деген: «Мереке күні Пайғамбар айт намазынан қайтқанда келген жолымен емес, басқа жолмен жүретін» (Әл Бұхари, 986).
Айт намазынан соң не істеген абзал?
Айт күндері мерекелік дастархан әзірлеп, туысқандарды, көрші-қолаң, дос-жарандарды қонаққа шақырған абзал. Бұл күндері туыстық қарым-қатынасты нығайтуға аса мән берген жөн. Сондықтан да, туыстарыңыз бен жақындарыңызға барыңыздар. Жылы тілекті әрі көңілді болыңыздар. Садақа беріп, жақсылық жасаңыздар.
muftyat.kz
Фото: voxpopuli.kz