Бүгін – Қарттар күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Қарттар күні

01.10.2014
Бүгін – Қарттар күні

Қарттар күні мерекесі ХХ ғасырда пайда болған. Бұл – аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының 1990 жылғы 14 желтоқсандағы № 45/106 Қарары негізінде 1 қазанды Халықаралық қарттар күні есептеуге Қаулы етті. Қарттар күнін алғашқыда Еуропада, кейін Америкада, ал 80-жылдардың аяғында бүкіл әлемде атап өтетін болды.

Қарттар күнінің маңызы – аз қамтамасыз етілген қарт адамдардың, жалғыз қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектердің мүдделеріне, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсетуге назар аудару мәселелері болып отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жіктеуіне сәйкес, қарт адамдарға 60 пен 74 жас, кәрілерге 75-89 жас аралығындағылар, ал ұзақ жасаушыларға жасы 90-нан асқандар кіреді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында қарттарды әлеуметтік қамсыздандырудың аралас жүйесі қалыптасты. Ол зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін (мемлекеттік бөліп тарату және жинақтаушы), мүгедектігі, асыраушысынан айырылу жағдайына және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды; арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды, әлеуметтік қызметтер көрсетуді және әлеуметтік көмек беруді қамтиды.

Қазақстан Республикасының Конституциясында қарт адамдардың жалпы азаматтық және арнайы құқықтарын сақтау, оның ішінде жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандырылу, денсаулығын сақтау, білікті, оның ішінде ақысыз құқықтық көмек алу құқығы кепілдендірілген.

Хабарламаларға жазылу