Мемлекет басшысы Атырау облысына жұмыс сапары барысында «Мирас» балабақшасының қызметімен танысып, «Ботақан» балалар тобында болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Балабақшада 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар Монтессори бағдарламасына сәйкес және Халықаралық Бакалавриат бастауыш мектебінің ықпалдасқан жүйесі бойынша тәрбиеленеді.
Сондай-ақ, балабақшада музыка, спорт және би залдарымен, ойын алаңдарымен, кітапханамен, қазақ мәдениетінің орталығымен, қолданбалы өнердің, ағылшын және орыс тілінің халықаралық стандартқа сай кабинеттерімен жабдықталған.