Қазақ – ежелден ұйымшыл халық. «Қуаныш бөліссе көбейеді, қайғы бөліссе азаяды» дегенді айтқан қазақтың қандай да бір іске жұмыла кететін әдеті бар. Асар жасап, көмек қолын созу – қазақтың қанында бар қасиет.
Адамдардың қоғамдасып өмір сүруіне ерекше мемлекеттік құрылымның, тіпті ауқымды жоспар мен экономикалық бағдарламалардың да керегі жоқ. Бар керегі – адамгершілік қана.
Шығыс Қазақстан облысы, Мойылды ауылының ер-азаматтары алыста қалған қыстаудағы ауылдастарының малын құтқару үшін алты күн бойы 3 метрге дейін көтерілген 10 шақырым жердегі қарды қолмен тазалаған.
Бүгін 14.00-де «Жаныңда жүр жақсы адам» деректі фильмінен көріңіз.