Қашағанда мұнай өндірісінің екінші кезеңі 2017 жылға дейін шегерілмек. Бұл туралы Total мұнай компаниясының басшысы Кристоф де Маржери мәлімдеді.
«Қашаған мұнай өндірісінің негізгі құрылысы Ресейдің Самара және Новосібір аймағымен өтеді. Батыс елдерінің Ресейге жасаған экономикалық санкциясы бұл жобаға кері әсерін тигізуі мүмкін. Қашаған мұнай өндірісінің бірінші бөлігі биыл күзде ашылуы керек болаты. Бірақ, белгілі себептермен 2015 жылдың көктеміне ауыстырдық», - дейді Кристоф де Маржери франциялық Le Monde басылымына берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин Қашаған мұнай өндірісінің бірінші бөлігі 2016 жылдың бірінші жартысында, ал, екінші бөлігі 2016 жылдың екінші жартысында ашылатынын мәлімдеген еді, деп жазады kapital.kz.
Фото: kapital.kz.