Бүгін Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ағылшын тілінде сахналанған «Транзитті жолаушы» қойылымының жетекшілері және авторларымен кездесті.
Алғаш рет қазақстандық көрнекті драматург Дулат Исабектовтің премьерасы Астана мен Лондонда ағылшын тілінде қойылды.
«Транзитті жолаушы» еңбегінің ағылшын тіліне аударылуы қазақ әдебиетінің тарихында қаларлық оқиға болып отыр», - деді министр.
Қойылымның продюсері Джозеф Сандерстың айтуынша, қойылым - британдық Орталық Азия елдерінің тәжірибелік «Орзу» театрының алғашқы жобаларының бірі.
strategy2050.kz