Баянауыл – академиктер өлкесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баянауыл – академиктер өлкесі

27.09.2014
Баянауыл – академиктер өлкесі

Баянауылды Қазақстанның інжу-маржаны, аңыз бен мифтер әлемі деп атайды.

Баянауыл жері – ғалымдардың, жазушылардың, ақындар мен қоғамдық қайраткерлердің отаны. Олардың есімдері тек қана Павлодар облысына әйгілі емес. Бұл жерде атақты Бұқар Жырау, композитор және ақын Ж.М. Байжанов, тарихшы-ағартушы Мәшһүр Жүсіп  Көпеев, ақын-демократ Сұлтанмахмұт Торайғыров, ақын және философ Жаяу Мұса дүниеге келген.

Қазақстан ғалымдарының ішінде геолог, Қазақстан Ғылымдар академиясының бірінші президенті, КСРО Ленин және Мемлекет премиясының лауреаты Қаныш Сәтбаевтың алатын орны ерекше.

Кеңес ғылымының дамуына академиктер - Шапық Шөкин, Әлкей Марғұлан, ғылым докторлары А. Бектұров, Е. Бекмаханов, С. Бейсембаевтар зор үлес қосты.

Бүгін 15.55-те «Мәлім де беймәлім Қазақстан» хабарынан Баянауыл өлкесі туралы біле жүріңіз.  

Хабарламаларға жазылу