Павлодар қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыссыз азаматтарды даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру үшін тегін курстарға шақырады.
Қысқа мерзімде кәсіп игеруді мақсат еткендер сылақшы-бояушы, электр құрылымдарын жөндеу, ағаш ұстасы, азық-түлік тауарларын сатушы, мектепке дейінгі тәрбиеші (біліктілікті арттыру), жүргізуші және медбике (біліктілікті арттыру) мамандықтары бойынша білім ала алады.
Оқу бітіргеннен кейін курсты аяқтағаны туралы мемлекеттік үлгідегі куәлік тапсырылады.
Сондай-ақ, жол, тамақтану, медициналық тексеруден өту шығындарының орны толтырылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz