Қазіргі таңда қазақтың ұлттық өнерін, ұлттық музыкасын, сонымен қатар, мәдениетін әлемге танытып жүрген ұжымдардың бірі – «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі.
Бастапқы кезден-ақ ансамбльдің негізгі міндеті – халық музыкасын дәріптеу болғанымен де, ансамбль мүшелері көне музыкалық аспаптардың шығу тарихымен де белсенді түрде айналысып жүр.
Ансамбльдің өзіне тән ерекшелігі – бұл әрбір музыканттың бірнеше музыкалық аспапта ойнай алуы. Сыбызғы, жетіген, сазсырнай, шертер және ұмыт бола бастаған ежелгі адырна, сазген, нарқобыз және т.б. аспаптарды насихаттап жүрген ансамбль турасында бүгін 12.45-те «Менің Қазақстаным» хабарынан біле аласыздар.
Сондай-ақ, хабар барысында суретші Эдуард Казарянның шеберханасымен танысып, Павлодар қаласындағы Достық үйі туралы ақпарат алып, Германияның Берлин, Александерплатц қалаларына саяхат жасауға мүмкіндік бар.
Фото: almaty-auenderi.kz