Бүгін «Таңшолпан» төрінде әнші Мұрат Қожа қонақта болды.
«Каспий» тобы тараған соң, жеке шығармашылығыммен айналысуды бастадым. Жақында алғашқы бейнебаянымды түсірдік. Бұл – Ақтаудан 70 шақырым жерде Құрық деген елді мекен бар. Табиғаты әсем. Сол жерге шілде-тамыз айларында барып түсіріп қайттық. Халықтың көңілінен шығады деген ойдамыз», - дейді ол.
«Болашақта жеке шығармашылық концертпен, жолдастарыммен елді аралап қайтсам деген жоспар бар. Қазір соған дайындық үстіндеміз. Менің эстрада жанрында ән айтатынымды бәрі біледі. Бірақ, домбырамен терме орындап, өлең оқитынымды екінің бірі біле қоймас. Сондықтан, өзімді әр қырымнан көрсету – мақсат», - дейді әнші.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.