29 қыркүйек күні Алматыда Бәйтен Омаров атындағы «Жас сахна» театрының жаңа маусымының ашылуына орай таныстыру рәсімі өтеді. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлайды. Театрдың көркемдік жетекшісі Болат Шаниннің қатысуымен өтетін шараға режиссерлер С.Қарабалина, И. Арнауытова және театрлық ұжымдар қатысады.
Шара барысында қатысушылар театр тарихына аз-кем тоқталып, жаңа қойылымдардан үзінді қоймақ. Сондай-ақ, алдағы айдың репертуарымен таныстырады.
Ондағы мақсат – Алматы тұрғындары мен қонақтарына жаңа театрмен және оның жаңа маусымдағы репертуарымен таныстыру.