Алматыда «Мектепке жол» акциясы аясында мың балаға көмек көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Мектепке жол» акциясы аясында мың балаға көмек көрсетілді

15.08.2019

Игі шараны қалалық орталық мешіттің өкілдері ұйымдастырды.

Оған жомарт азаматтар тізе қосып, шарапаты мол шараға атсалысты. Олар ірі мегаполистегі көпбалалы мен мұқтаж әрі әлеуеті төмен отбасының балаларына жаңа оқу жылына қажетті құралдарды табыс етті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі ісі дәстүрге айналған. Былтыр имамдар көпбалалы отбасыдан шыққан 20 мың балаға қол ұшын созған.

Бауыржан Әбдірашұлы, ҚМДБ төрағасының орынбасары:

Мінекей, қазір Алматы орталық мешітінің ішінде «Мектепке жол» акциясы аясында мектеп құралдарын, мектеп формаларын және Құрбан айтқа байланысты тәтті сыйлықтар да таратып жатырмыз.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу