Алматы облысында апатқа ұшыраған әскери ұшақтағы ұшқыштардың есімі белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында апатқа ұшыраған әскери ұшақтағы ұшқыштардың есімі белгілі болды

24.09.2014
Алматы облысында апатқа ұшыраған әскери ұшақтағы ұшқыштардың есімі белгілі болды

23 қыркүйекте Алматы облысында құлаған ұшақтағы ұшқыштардың есімдері анықталды. Бұл туралы Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасынан хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Алдын ала деректер бойынша, олар Денис Горбунов пен Дәурен Науанов. Олар әзірге табылған жоқ.

Еске сала кетейік, 23 қыркүйекте, сағат 23:00-де Талдықорғандағы авиабазадан ұшып шыққан СУ-27 әскери ұшағы радардан жоғалып кеткен. Іздестіру барысында сағат түнгі бірлер шамасында ұшақ Көксу ауданынан табылған.

Іздестіруге ТЖ күштері мен полиция жұмылдырылды.

Хабарламаларға жазылу