Шымкентте ардагер волейболшылар өзара бақ сынасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте ардагер волейболшылар өзара бақ сынасты

23.09.2014
Шымкентте ардагер волейболшылар өзара бақ сынасты

Шымкентте ардагер волейболшылар 3 күн бойы өзара бақ сынасты, деп хабарлайды otyrar.kz сайты.

Жарысқа әуесқой спортшылардан құрылған 10 команда қатысты.

Волейбол федерациясының ұйытқы болуымен өткен доданың мақсаты — спортты ардагерлер арасында дамыту. 

Алматылық команданы бастап келген ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

Сайыс қорытындысы бойынша, «Динамо» клубы 1-орынды иеленді. Ал екінші орынды Байқоңыр спортшылары иеленсе, 3-орынды Алматыдан келген команда қанжығаларына байлады. Ал шымкенттік ардагерлер 4-орынды қанағат тұтты.

Хабарламаларға жазылу