Шымкентте ардагер волейболшылар 3 күн бойы өзара бақ сынасты, деп хабарлайды otyrar.kz сайты.
Жарысқа әуесқой спортшылардан құрылған 10 команда қатысты.
Волейбол федерациясының ұйытқы болуымен өткен доданың мақсаты — спортты ардагерлер арасында дамыту.
Алматылық команданы бастап келген ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтті.
Сайыс қорытындысы бойынша, «Динамо» клубы 1-орынды иеленді. Ал екінші орынды Байқоңыр спортшылары иеленсе, 3-орынды Алматыдан келген команда қанжығаларына байлады. Ал шымкенттік ардагерлер 4-орынды қанағат тұтты.