Қазақстандықтарды отбасылық мұрағаттарды сақтауға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтарды отбасылық мұрағаттарды сақтауға шақырды

23.09.2014
Қазақстандықтарды отбасылық мұрағаттарды сақтауға шақырды

Қазақстандықтардың отбасылық мұрағаттары мемлекеттік мұрағатқа қажет болуы мүмкін. ҚР Президент Әкімшілігі жалпы бөлім жетекшісі Мирболат Жақыпов қазақстандықтарды отбасылық құжат, фотосурет, тіпті видеосуреттерді де сақтауға шақырды.

«Әрбір отбасында әр шаңырақтың маңызды кезеңдеріне куәгерлік ететін  маңызды құжаттар, фотосуреттер, видеороликтер бар. Ал отбасы бұл – қоғамның ең маңызды бөлігі», деді Мирболат Жақыпов бүгін халықаралық мұрағаттар кеңесі  Еуро-Азиялық аймақтық бөлімінің XV конференциясында.

Оның сөзінше, елдің ұлттық мұрағат қоры маңызды мемлекеттік құжаттармен қатар, әрбір отбасының маңызды құжаттарынан да құралған. Сол себепті де, әр құжат сақталуы тиіс, деп есептейді ол.

«Әрбір мемлекеттік мұрағатта жеке қорлар құрылған. Біз онда алдымен еліміздің танымал тұлғаларының құжаттарын сақтаймыз. Олардың отбасы мүшелері бізге құжаттарды көзі тірі кезінде немесе қайтыс болғаннан кейін өткізеді. Сосын біз сақтаймыз. Бірақ, ол сол отбасының жеке заты болып қала береді. Тек мұражайда ол жақсы сақталады. Кез келген жағдайдың алдын алу үшін біз сақтандыру қорын ашамыз»,-дейді ол.

Хабарламаларға жазылу